Жаңалықтар

          • Сапалы білім – болашақ жетістігі

          •  Сапалы  білім – болашақ жетістігі

                                                             Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық

                                                              колледж директоры Б.Саурамбаева

             

            2020 жылдың 27 мамыр күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өткені баршаға мәлім. Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тәртібі туралы айта келіп, кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын айтты. Кеңес мүшелерінің назарын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөніндегі міндеттерге аударды. Сонымен қатар білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек екенін баса айта келе, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруға шақырып, бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажеттігін айтты. Осы орайда Ұлы кемеңгер ақын Абай атамыздың да «Тіл ұстарту» мәселесін бірінші орынға қойғаны ойға оралады:

            «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

            Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

            Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

             Думан, сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ...» деп өзінің өлең жолдарымен   жастарды тілді қадірлеуге сол уақытта  шақырса, Ж.Баласағұн: «Өз тілін,әдебиетін, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады» деп айтып кеткен. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізу туралы тапсырмасы, қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік беретіні көңіл қуантатын жайт.Бұл  берілген тапсырамаларын әрі қарай жүзеге асыруда оқытушылар,  болашақ педагогтарға ерекше  міндет жүктеліп отыр.

             Педагогикалық мамандық — қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі. Президент Қ.Тоқаев «Педагог мәртебесін қорғау керек. Оларды қоғамдағы ең беделді  тұлғаларға айналдыру қажет. Біз арнайы медаль дайындаймыз, ол педагог еңбегіне арналған мемлекеттік награда болады» деді. Сондай-ақ,болашақ педагогтардың шәкіртақысын көтеру оқытушы мамандығының абыройын көтеріп педгогикалық мамандықтарға нағыз дарынды да, қабілетті жастардың ұмтылуларына жол ашады деп сенеміз. Мемлекет басшысы ұсынған бұл реформалар  білім сапасының жоғарлауы мен педагог мәртебесінің артуына  үлкен мүмкіндік беретіні анық. Бұл бастамаларды әрі қарай насихаттап, жүзеге асыруға үлес қосу әр педаготың парызы деп білемін.  


             

            .

             

             

             

          • Ел болашағы - білімді жастар қолында

          • Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық

            колледж директоры Б.Саурамбаева

            Бүгінде білім саласы, оның ішінде техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары  студенттерге қашықтан білім беру бойынша күрделі, маңызды да мазмұнды міндеттер атқаруда. 28.05.2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау туралы онлайн кеңес өткізілді.  Короновирус індетінің таралуын болдырмау және балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жаңа оқу жылына талапкерлер құжатын қабылдау және бейіндік мамандықтар бойынша  емтихан қабылдауға  біршама өзгерістер енгізілу қажет екені анық. Биылғы төтенше жағдай  талапкерлерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр десек те болады. Мәселен, талапкерлер   колледжге қабылдау емтиханынан босатылып, аттестаттың орта баллдық бағасы бойынша қабылданатыны, мамандық ерекшелігіне қарай шығармашылық емтиханның орнына оқушы жетістігі туралы портфолио жинақтау туралы айтылған ұсыныстарды қолдаймыз.  Бүгінде педагогикалық мамандықтар мәртебесін көтеру Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әр Үндеуінде күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын тəрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға, өзін еркін жəне шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті болғандықтан оқуға қабылдау кезінде жүргізілетін сұхбатқа ерекше мән берілу керек.  «Жақсы педагог болуды армандаған кез-келген  адам педагог бола алады»,деп А.Макаренко айтпақшы, өтініш білдіретін әр талапкер жан-жақты жауапкершілікті, ынталы, өз алдына мақсаты бар жастар болса, оларды  оқытудың әртүрлі белсенді формаларын қолдану арқылы, толыққанды маман ретінде қалыптасуына жол ашатын педагогикалық ұжым нәтижелі жұмыс жүргізуге үнемі дайын.   Талапкерлердің құжат өткізуі  E-gov қызмет  көрсету порталы арқылы жүргізіледі, бұл қадам да болашақ мамандардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Елімізге  келген індетті бірлесіп жұмыс жасау арқылы жеңетініміз анық. Біз біргеміз!