Құқықтық тәрбие

    • «Құқық бұзушылықтың алдын-алу - басты міндет»

                                            (ата-аналарға арналған кеңестер)

      Мақсаты:

      1.Ата-аналардың, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;

      2. Жасөспірімдер арасындағы құүқықбұзушылықтың алдын алу

       

      Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез- құлықтарына қалыптастыру қажет.

      Құқықбұзушылық- Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқықбұзушылық  жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру , азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарату, қоғамдық нормаға жат қылықтарға жол беру, т.б.

      Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің  көбею себептері:

      • Отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі;
      • Отбасындағы материалдық әл – ауқаттың төмендігі;
      • Жұмыссыздық;
      • Жасөспірімнің бос уақытының шамадан тыс көп болуы;
      • Ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы;
      • Мінез-құлығында ауытқушылықтың болуы;
      • Рухани құлазу;
      • Зиянды әдеттерге әуестігі.

      Құқықбұзушылықтың түрлері: тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық.

      Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан жасөспірімдердің    шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.

      Осындай кері әсердің алдын алу бойынша ата-аналарға төмендегідей кеңестер беріледі:

      1. Балаңыз сізге барынша сенім артатындай жағдайға қол жеткізіңіз. Егер балаңыз қиын жағдайда дұрыс әрекет жасағаны мәлім болса, міндетті түрде мақтау айтыңыз. Егер қисық әрекет жасаса, ұрыспай, айқайламай одан туындайтын жағдайларды ақылмен әңгімелеген жөн.
      2. Балаңызбен ылғи қарым-қатынаста болған жағдайда ғана сіздің оған қаншалықты қамқор бола алатыныңызды түсіне білесіз және қаншалықты сенім артуға және бостандық беруге (үйде жалғыз қалдыру, дүкенге жіберу, досына баруға рұқсат ету) болатындығын білесіз.
      3. Егер бала өз ата-анасымен қарым-қатынаста болмаса, ол өзін түсінетін адамды іздейді және басқа адамдардан жылылық пен түсінушілікті табуы мүмкін.
      4.  Балаңызды қорқытпаңыз! Балаңыз қиын жағдайда өзі ешнәрсе жасай алмай қалуы мүмкін.
      5.  Балаңызға өз-өзіне сенімді болуға, барлық мүмкіндігін пайдалана алуға және барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретіңіз. Сонда қиын жағдайларға кездеспейтінін түсіндіріңіз.
      6. Жасөспірімнің бос уақытының дұрыс ұйымдастырылуына баса көңіл бөліңіз.
      7. Достары туралы, араласатын ортасы туралы жиі әңгімілесіңіз.

       

      Ата-аналарға жадынама

      Егер бала селфиге өте көп мән берсе...

      1. Сіз өз балаңызға жеткілікті уақыт бөлетіңіз туралы ойланыңыз. Бала жеткіліксіз бөлінген көңілді әлеуметтік торда, онлайн ойындарда, "өзім" сияқты ойын түрлерімен толтыруға тырысады. Ол бүкіл әлемге, алдымен сізге "  Міне, мен қандаймын! Мақтамасаң - тым болса ұрыс! -деп айғай салғандай болады. Егер балаға көбірек көңіл бөлсеңіз, селфоеліктеуі өзінен өзі жойылады.

      2. Баламен "шынайы" өмірде нағыз достары бар екендігі туралы сөйлесіңіз. Сельфи жасап, лайк алып, өзінің танымалдығы, жалғыз еместігі туралы елес құруға болады.Егер сіз жағымсыз жағдайға тап болсаңыз, сіздің әлеуметтік тордағы " ең жақсы досыңыз" сізге көмекке ұмтылуы екі талай. Ұлыңызға,қызыңызға осы айырмашылықты түсіндіруге тырысып, нағыз достарды табудың жолдарын бірге ойлап табуға көмектесіңіз.

      3. Сіздің балаңыздың өз қиялының әлеміне аса  берілуі мүмкін. Әсіресе бұл компьютерлік атқыштар мен фэнтези стиліндегі кітапшалармен әуестенген жасөспірімдерге тән.

      Сізге ер жетіп қалған адамға, аргумент келтіре отырып, ойлап шығарған әлемде ғана сиқырлы элексир арқылы тірілтіп, 10-ға жуық өмір сыйлауға болатындығын түсіндіруге болады.  (Бұл қарапайым дәлел, кеш болса да санаға жеткізу керек).Жіберіліп алынған селфоеліктеудің классикалық мысалы Денни Боумен - 19 жасар ұлыбританиялық студентпен болған жағдай бола алады. Ол күніне 200 селфиге дейін лақтырып, мыңдаған лайк жинаған. Модельдік агенттік тегі кастингтегі сәтсіздік ол үшін нағыз трагедияға айналды. Осыдан кейін жасөспірім үздіксіз селфи жасай бастады. Соның нәтижесінде мектепті тастап, жүдеп кетіп, жарты жылдай үйден шықпады. Өзінің керемет фотографиясын жасай алмай, өзін-өзі өлтіргісі келді. Оны құтқарды. Енді ол өмірді қайтадан бастап, смартфон мен камерасыз өмір сүруге тырысады.

      4. Қазіргі кезде, балалар ғана емес, ересектердің өзі шынайы қауіпті бағалай алмайды. Олар жан-жақтан қорғалған алғашқы қауымдық қауіпке орын жоқ тар кеңістікте өмір сүреді. Мысалы сізге балаға көршінің  мысығымен селфиді есіне салуыңызға болады. Бұл Танзанияның ұлттар паркіндегі жолбарыспен болған селфимен бірдей емес. Одан әрі тізіммен.

      5. Егер сіздің балаңыз шынайы түрде экстремальді селфиді ерліктің, индивидтік ерекшеліктің, кәсіпкерліктің , өткірліктің көрінісі деп санаса, бұл пафосты юморға айналдыруға тырысыңыз. Мысал ретінде шынайы оқиғаны келтіруге болады. 2011 жылы Британ фотографы - натуралист Дэвис Слейтер Сулавеси джунглиясында айдарлы павиандардың фотография серияларын жасаған. Маймылдар одан камераны тартып алып, нағыз селфи - сессия жасаған. Бұл жағдай қосымша дауысқа ие болған. Пікірталас кімге суретін авторлық құқығы тиесілі екендігі туралы қосымша дауысқа ие болды. 

       

      Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

      «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. "Әйелдерді қорғау" орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады

      Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

      Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей-ақ қозғалады.

      Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

      Ата-аналарға кеңес!

      1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!

      2. Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.

      3. Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.

      4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.

      5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.

      6. Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені дұрыс.

      «Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер!»(Мұқағали Мақатаев)