Видео сабақ құру бойынша нұсқаулық
Видео сабақ құру бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті оқытушылар!
Оқытушылар! Егер, сіз интернетке жариялау үшін видео сабақ түсірсеңіз, мазмұны мен формасы бойынша бірнеше ұсыныстарды ұсынамыз.
1. Өзіңіз туралы қысқаша баяндаңыз,Алматы облысы,Панфилов ауданы, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Нурбекова Ақмарал Мәметқазықызы,қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы (немесе жазулар беру).
2. Ақпараттың дәйекті түрде ұсынылуын қамтамасыз ету үшін алдын- ала ойластырып, алдын-ала жаттығыңыз.
3. Сыртқы келбетіңізге назар аударыңыз (артық ештеңесі жоқ, сыртқы келбет, ұқыпты шаш үлгісі ең қолайлы болады).
4. Видео сабақтың ұзақтығы 15-30 минут аралықта болу керек. Сабақ неғұрлым ұзақ болса, аудиторияның назарын аудару қиынға соғады.
5. Түсірілім кезінде камераға тура қарау керек.
6. Камера алдында өзіңіздің мәтіннің қағаз көшірмесін оқудың қажеті жоқ.
7. Таза, шынайы, эмоционалды сөйлеуге тырысыңыз.
8. Оқытудың маңыздылығына назар аудара отырып, аудиториямен жиі байланысыңыз.
9. Жарықтандыру: экранның алдында анық көрінетіндей етіп, жарықтың алдына түсірілім объектісін қойыңыз (мысалы, терезе). Жарық фонға немесе терезеге қарсы түсірмеңіз.
10. Мәтінде қиын, күрделі айтылатын сөздерді, аббревиатураларды, сандарды айтпауға тырысыңыз. Оларды ауыстырып немесе басқаша айтып көріңіз. Егер сіз екпінді қалай дұрыс қоюды білмесеңіз, ол сөзді айтпаған дұрыс.
11. Кадрдан тыс артық шуды болдырмаңыз (балалардың, тұрмыстық техниканың, даладан, ит үрудегі шу және т.б.).
12. Камераны жылжымайтындай етіп бекітіңіз.
13. Қажет емес қимылдарды жасамаңыз! Өзіңізді еркін сезінетін, сөйлеуге ыңғайлы позицияны таңдаңыз.
14. Өзіңізге сенімді болыңыз, бәрі жақсы болады!
Видео сабақ (видео нұсқаулық немесе скринкаст) – бұл болып жатқан оқиғаны түсіндіретін, әдетте кадр сыртындағы дауыспен сүйемелденетін, компьютер экранындағы ақпараттың түсірілімі. Видео сабақтар белгілі бір ақпаратты оқытудың және берудің бір әдісі ретінде қолданылады.
Видео сабақтың құрылымы (ұзақтығы 15- 30 мин.дейін).
Экранда:
- Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
- Мамандығы:0111000 « Негізгі орта білім беруі»
- Біліктілігі:0111013 «Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі»
- Тілі: қазақ тілі;орыс тілі; ағылшын тілі;
- Пән атауы:Қазақ тілі
- Тақырыбы:Пікірталас мәдениетінің талаптары
7 Сілтемесі :https://www.youtube.com/watch?v=LtssobcPhAgIist=PLPKN
Видео сабақ бірнеше кезеңнен тұрады:
- Сабақтың мақсатын, міндеттерін және күтілетін нәтижесін, бағалау критерийлерін белгілеу (экранда мақсаты, күтілетін нәтижесі,бағалау критерийлерін ірі шрифтімен жазылған, оқытушының түсініктемелері бар баяндау сөзі немесе видео көрсетіледі)1-3 минут ;
- педагогтың жаңа оқу материалын түсіндіруі немесе өткен сабақтарда өткен материалдарды топтастыруы(оқытушының түсініктемесімен видео) 2-5 минут;
- алған білімді бекіту үшін жаттығулар (активити), оқу тапсырмалары (экранда ірі шрифтімен жазылған 2-3 тапсырмаға дискриптор, бағалау критерийлері болу керек ) 2-3 минут;
- Сабақта пайдаланылатын видео материалдар мен слайдт,призентацияялар сабақ тақырыбына сәйкес болу керек және нақты жұмыс көрініс табу керек.3-5 минут
5) рефлексия немесе педагогтың түсініктемесімен бекіту үшін берілген сұрақтар) 1-2 минут;
6) студенттердің өз бетінше оқуы үшін ұсынылатын қосымша ресурстарға сілтемелер- 1 минут:
7) Білім алушылардың оқытушымен кері байланысы барлық мүмкін және қол жетімді байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: WhatsApp мессенджерлері, telegram, Skipe, Instagram, e-mail, Edupaqe және т.б. (видео титрында педагогтың электронды поштасын және байланыс телефонын көрсету қажет).
Қашықтықтан оқыту үшін келесі технологияларды қолдану ұсынылады:
- Streaming, Платформалар: Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және қосымшалар Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz және т.б. Осы платформаларды қолдана отырып, пәндер бойынша видео сабақтардың көрсетілімін ұйымдастыруға болады.
- Облака қызметтері: Google Drive, Yandex Disk, Mail.ru Disk, Dropbox және т.б.
- ЖЖГТК youtube каналында (https://www.youtube.com/channel/UC0g_coA6igcnYyBEpGZxYvA?view_as=subscriber) колледжі қазақ/орыс/ұйғыр тілдерінде дайындалған видео сабақтар орналастырылады.
Ескерту:
Құрметті оқытушылар! Ұсынылған нұсқаулықты негізге ала отырып, видеосабақтарды дайындауларыңызға болады. Қашықтан өткен видеосабақтарыңыз тәжірибе алмасу мақсатында облыс,республика деңгейінде таратылады.