Ата-аналармен жұмыс
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған
ЖАДЫНАМА
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
- Баламен бірге күн режимін жасау;
- Баланың қолдаушысы, кеңесшісі болу;
- Сабырлық, шыдамдылық таныту;
- Жаңа тәжірибені қабылдау;
- Құрылғылармен шама келгенше қамтамасыз ету;
- Балаға бағыт беруге көмектесу;
НЕНІ ЕСКЕРУІҢІЗ ҚАЖЕТ...
- Сабақтың басталу уақыты....
- Сабақ кестесінің жұмыс үстелінде болуы;
- Сабақтар қатаң түрде уақытында (кестеге сәйкес) өткізіледі;
- Компьютер, смартфон толығымен зарядталған болуы тиіс
БАЛАҢЫЗ ҮШІН....
- Арнайы сабақ орны белгіленуі шарт;
- Сабаққа уақытында қосылуын қадағалаңыз;
- Балалалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды.
САБАҚ ӨТІП ЖАТҚАНДА....
- Бөлмеде қатаң тыныштық сақатлуы тиіс, сыртқы дыбыстардың барлығы өшірілуі керек;
- Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуі ескерілсін.
АТА-АНАЛАР ЕСІНЕ.....
Балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
- Оқытушының рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілетін сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң түрде тыйым салынады;
- Сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады; сабаққа студенттің қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.